Академиялық ұтқырлық
Академиялық ұтқырлық - бұл білім алушылардың немесе
оқытушы-зерттеушілердің білім алуға немесе зерттеу жүргізуге
байланысты өз ЖОО- да кредиттік жүйеге негізделген білім беру
бағдарламасының міндетті қайта сынақтан өту тәртібіне және ережеге
сәйкес семестр немесе оқу жылына белгілі академиялық кезеңге
өтуі.
Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі (ұлттық)
академиялық ұтқырлық болып ажыратылады.
Сыртқы академиялық ұтқырлық - шетелдік жоғары оқу орындарында
білім алу, оқытушы-зерттеушілердің білім беру салалары мен ғылыми
мекемелердегі қызметі.
Ішкі академиялық ұтқырлық - білім алушылардың,
оқытушы-зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында
білім алуы, қызмет етуі.
ЖОО сыртқы академиялық ұтқырлықты үйлестіру бағдарламасы
халықаралық бағдарламалар және академиялық ұтқырлық бөлімімен (тел.
8-7232-26-25-33); ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасы - тіркеуші
офисімен жүзеге асырылады (8-7232-540-498).
Қазақстан
Республикасының академиялық ұтқырлық шеңінде өзара ынтымақтастық
Келісімі жасалған ЖОО