Негiзгi бет >> Германияда ақысыз тағылымдамадан өтуге тілек білдірушілерге!

Германияда ақысыз тағылымдамадан өтуге тілек білдірушілерге!

Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ Берлин Техникалық университеті және Volkswagen фондымен бірлесіп "Орталық Азиядағы экологиялық тұрақты транспорттық жүйені зерттеу" жобасына қатысуға байқау жариялайды.

Жоба келесі зерттеу салаларын ұсынады:

  • Жерді пайдалану және транспорттық қозғалыс ұйымдары арасындағы өзара байланыс
  • Транспортты модельдеу
  • ПО GIS бойынша деректерді басқару және талдау
  • Бағалау және болжау
  • Мобильділік және оның сипатты белгілері
  • Біріктірілген жоспарлау амалдары және саясатты (үздік тәжірибелер)
  • Экологиялық тұрақты транспорттық жүйеге арналған шаралар және стратегиялар
  • Бейресми Қоғамдық транспорт жүйесінің сипаттамалары (мүгедектерге транспорттық қызмет көрсету жүйесі), ресми жүйелерді толықтыру және біріктіру
  • Бүкіл әлемнің басқа қалаларынан ең үздік тәжірибелер
  • Біріктірілген немесе үлестірілген мобильділік
  • Транспорт ұйымын жоспарлауға қатысу және басқару
  • Транспорттық саясат өзгерістері (тәуекелдер мен мүмкіндіктер)

Грант жоба қатысушыларына 3 ай көлемінде тағылымдамадан өтуге қаржыландыруды, сонымен қатар Орталық Азия елдерінде өткізілетін жазғы мектептерге қатысуды ұсынады. Грант мөлшері:

  • магистр немесе PhD дәрежелі жас ғалымдарға- сақтандыру және виза шығындарын қоса есептегенде айына 1400 €;
  • докторантураға түсетін магистратура түлектеріне- сақтандыру және виза шығындарын қоса есептегенде айына 1300 €;
  • магистранттарға- сақтандыру және виза шығындарын қоса есептегенде айына 1100 € құрайды.

Жоба қатысушыларына қойылатын талаптар:

  • қатысушы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ магистранты, докторанты, жас зерттеуші-ғалымы болуы мүмкін
  • қатысушының ағылшын тілін меңгеру деңгейі А2-В1 төмен болмауы қажет
  • қатысушы CV әкеліп және өзінің жобаға қатысуын еркін формада баяндауы қажет + күнтізбелік жоспар.

Егер сіз қызығушылық білдірсеңіз, біз сізді Г1- 235 ауд. күтеміз!