| Атауы |
Автор |
Мамандық |
Аннотация |
Бағасы, тг. |
| Қазақ тілі |
Мұратбекова А.М., Құрманбаева Ш.К. |
Барлық мамандықтарға арналған |
Электронды оқу құралы барлық мамандықтарда оқитын студенттерге
арналған. Оқу құралына студент өмірінің жан-жақты қырларын қамтитын
мәтіндер, оларды меңгертуге бағытталған тілдік, сөйлеу жаттығулары,
тест, ойын түріндегі тапсырмалар енгізілген. Берілген мәтіндердің
мазмұны студенттердің таңдаған мамандықтары, ғылыммен айналасуы,
қоғамдық жұмыстарға белсене қатысуы туралы мол ақпаратты қамтиды.
Мәтіндер мен оқыту, тексеру қызметтерін атқаратын қатысымдық
тапсырмалар студенттердің әлеуметтік-тұрмыстық, лингвомәдени,
ақпараттық құзыреттіліктерін арттыруға зор әсерін тигізеді.
Сөйлесім әрекетінің барлық түрлерін қамтыған оқу құралының
интерактивті мүмкіндіктері сапалы нәтижелі білімге бағытталып,
оқуды ізгілендіруге, технологияландыруға қол жеткізеді. |
5000 |
| Кәсіби қазақ тілі |
Букенева Ж.М. |
Ақпараттық технологиялар,аспаптар жасау, энергетика
мамандықтарына арналған |
Бүгінгі таңда жоғары оқу орындарында қазақ тілін өз деңгейінде
меңгерту білім берудің басты мәселелерінің бірі болып отыр. Өйткені
мемлекеттік тілдің аясын кеңейту дегенімізде басты назар оның
қоғамның барлық салаларында белсенділігін арттыруға ауатыны
белгілі. Бұл ретте қазақ тілінің нағыз техника тілі болып
қалыптасуы болашақ мамандардың күнделікті өз кәсіби әрекеттерінде
тілді еркін қолдана білулерінен байқалады. Бұл электрондық оқу
құралын жазу барысында басты мақсат жоғары оқу орнының ақпараттық
технология, аспаптар жасау, энергетика саласында мамандықтары
бойынша оқитын студенттеріне кәсіби қазақ тілін қатысымдық
ұстанымға сәйкес меңгерту болды. Электрондық оқу құралында
техникалық терминдерге, оны меңгертуге арналған тапсырмалар
ұсынылады. Барлық тапсырмалар жеңілден-ауырға ұстанымы бойынша
жасалды. Лексикалық, грамматикалық тақырыптар жоғары оқу
орындарының орыс бөлімі студенттеріне арналған қазақ тілі курсының
Типтік бағдарламасына (2007 ж.) сәйкес таңдалды. Электрондық оқу
құралының құрылымы 34.017-2005 - «Ақпараттық технологиялар.
Электрондық басылымдар. Электрондық оқу басылымдары» Қазақстан
Республикасының мемлекеттік стандартына сәйкес. Бұл электрондық оқу
құралы техникалық жоғары оқу орнының студенттеріне,
магистранттарына, қазақ тілі оқытушыларына көмек болар деген
сенімдеміз. |
8300 |
| Неміс тілі |
Абдрахманова Т.М. |
Неміс тілін оқушыларға |
«Неміс тілі» электронды оқу құралы 2006 жылғы ҚР БжҒМ МЖМБС-на
сәйкес техникалық жоғарғы оқу орындарында неміс тілін оқыту
курсының бағдарламасын толығымен қамтиды. Әрбір дәріске байланысты
жаттығулар, мәтіндер нақты және компьютерлік технологиялардың
арқасында көрнекті түрде берілген. Тақырыптардың соңында тестер
ұсынылған: аралық және қорытынды. Бұл студенттердің дәрістерді өз
бетімен меңгеруіне септігін тигізеді. Модульдік принциптің
арқасында осы құралды жоғарғы оқу орындарындағы әртүрлі
мамандықтардағы студенттер қолдана алады. «Неміс тілі» электронды
оқу құралы іштей және сырттай оқитын студенттерге және сонымен
қатар, мемлекеттік коммиссияның тексеруіне дайындалатын
студенттерге және неміс тілінен білімдерін жетілдіргісі келетін
көпшілік оқырмандарға арналған. |
5000 |
| Lesen sie mal (страноведческий аспект) |
Сарсембаева А.А. |
Для студентов 1-2 курсов неязыкового (технического) вуза |
ЭУП разработано в целях развития навыков ознакомительного,
просмотрового, поискового, изучающего и комбинированного видов
чтения на основе личностных стратегий чтения. Содержание полностью
соответствует требованиям ГОСО по дисциплине «Иностранный язык» в
неязыковом вузе (ГОСО 2004) и типовой программе по иностранным
языкам в неязыковом вузе (2002). ЭУП состоит из 8 тематических
разделов, в каждом разделе 2-3 текста по определенной теме,
диагностический тест и задания на проверку понимания содержания
текста. |
5000 |