Газета За знание
Архив газеты №10021 (2) от 2010

Дамудың жаңа мүмкіндіктері

Елбасының Казақстан халқына жыл сайынғы арнайтын Жолдауы еліміздің қоғамдық өмірінде асыға күтетін маңызды оқиға болып табылады.

Өткен жылғы Жолдауы еліміздің дағдарыстан шығу мәселесіне арналса, биылғы жолдаудың басты ерекшелігі елімізді алға қарай дамытудағы он жылдық бағдарлама бекітіліп  отыр. Елбасы білім саласына көп көңіл бөліп, мектеп жасына дейінгі тәрбие беру, оқытудан бастап, жоғары білім беру мекемелеріне алдағы он жылдық міндеттерді айқындап берді. Әрине, еліміздің экономикасын көтермей, халықтың тұрмысын жақсартпай, білім мен ғылымды дамыту мүмкін емес.

Жолдауда  «Балапан» бағдарламасы мектепке дейінгі мекемелер мен балабақша мәселелерінің шешімін тауып отыр, интеллектуалды мектептердің дамуы, жаңа университеттер және ғылыми орталықтар ашылуы ерекше қолға алынып, осы заман талабына сай жаңа жетістіктерге жету мәселесі көтеріліп отыр.

Еліміздің болашағы сапалы да, жоғары білімді жастар болғандықтан, осы бағдарламаны іске асыру мақсатында аянбай қызмет етуіміз қажет. Халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартуға байланысты бюджетке қарасты мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың жалақыларының 25 пайызға, осы жылдың сәуір айынан бастап көтерілетіні өте қуанышты жағдай болып отыр.

Риза Бегімова, кітапхана жетекшісі