Газета За знание
Архив газеты №10021 (2) от 2010

Жаңа міндеттер айқындалды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылғы халыққа Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында іске асырылуына арналған көлемді шараларды анықтап, халыққа соның ішінде студенттік қауымға көрсетілетін қамқорлықтарға тоқталды. Соның бірі сәуір айынан бастап студенттердің шәкіртақысының 25 пайызға өсетіні.  Бұның өзі біздің студенттер үшін өте ауқымды көмек.  Сонымен қатар Президент Жолдауының төртінші тарауында білім беру саласына өте көп көңіл бөлінген. Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиісті делінген. Тау-кен металлургия факультетінің профессорлық- оқытушылар ұжымы әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге өз үлестерін қосуға дайын. Соған орай факультет ұжымы алдына қойылған стратегиялық –индикативті жобаға мамандарды даярлауда жұмыс берушілердің талабына сай білім беру қызметі сапасын жоғарлату мақсатын көздеуде. Жолдауда көтерілген мәселелерді құптап әрі сапалы етіп орындауға ат салысамыз.

Найля Нурбаева, тау-кен металлургия факультетінің деканының оқу-әдістемелік ісі бойынша орынбасары