Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде
босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул
кезеңінде конкурстық негізде мынадай тәртіппен жүзеге
асырылады:
1) ақылы негізде білім алып жатқан білім алушы ЖЖОКБҰ басшысының
атына өзінің GPA балын ашық қолжетімді болатындай жариялауға
келісімін көрсете отырып, одан әрі жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;
2) келіп түскен өтініштер университеттің ғылыми кеңесінде және
конкурстық комисия отырысында қаралады;
3) ЖЖОКБҰ ғылыми кеңестің және конкурстық комисия шешімі
негізінде тиісінше ағымдағы жылғы 5 тамызға және 25 қаңтарға
дейінгі мерзімде бос білім беру гранттарына үміткерлердің тізімін
білім беру саласындағы уәкілетті органға шешім қабылдау үшін
жолдайды.
Тізімге білім алушының өтінішінің көшірмесі, ғылыми кеңестің
шешімдері, білім алушының транскриптінен үзінді, жеке басын
куәландыратын құжаттың көшірмесі және ЖЖОКБҰ-дан шығарылған білім
беру гранты иегерінің куәлігі (төлнұсқа) қоса беріледі;
4) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде
босаған және білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберілген
бос білім беру гранттарын комиссия үміткерлердің болмауына
байланысты конкурстық негізде қайта тағайындайды;
5) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде
босаған және ЖЖОКБҰ ұсынған бос білім беру гранттары үміткерлер
болмағанда білім беру саласындағы уәкілетті органның сайтында
жарияланады;
6) конкурс білім беру бағдарламаларының топтары, курс
бөлінісінде аралық аттестаттау нәтижесі бойынша конкурсқа қатысу
үшін құжаттар ұсынған басқа ЖЖОКБҰ-да ақылы негізде білім алушылар
арасында өткізіледі;
7) білім беру саласындағы уәкілетті орган келіп түскен
құжаттарды білім беру бағдарламаларының топтары, оқуға түскен жылын
ескере отырып, оқу нысаны мен мерзімі бөлінісінде қарайды және оң
шешім шығарған жағдайда босаған жоғары және жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады (білім беру
бағдарламаларының топтары бойынша үміткерлер болмаған жағдайда
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу процесінде босаған
бос білім беру гранты даярлық бағытының ішінде немесе білім беру
саласында қайта бөлінеді);
8) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде
ҰТО білім беру грантын беру туралы куәлікті ресімдейді және
деректерді үш жұмыс күні ішінде тиісті ЖЖОКБҰ-ға жібереді;
9) білім беру грантын беру туралы куәлік негізінде ЖЖОКБҰ-ның
басшысы одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға бұйрық
шығарады.
«Бакалавр»
немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары және жоғары оқу
орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру
қағидалары
4-тарау. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу
процесінде «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары
және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін босаған
бос білім беру гранттарын беру тәртібі