ҚАСЫМ ХАН

(1511 - 1518 жж. билік құрған)

Шамамен 1445 жылы дүниеге келген, 1518 жылы қайтыс болған. Қазақ хандығының негізін салған Әз Жәнібектің ұлы. Анасы Жағанбегім - Мұхаммед Шайбани ханның кенже інісі Махмұд сұлтанның апасының сіңлісі.

Қасым ханның мемлекетті басқару әдістері, ішкі және сыртқы саясаты туралы мәліметтер өте аз. Қасым хан есімі бірінші рет Мұхаммед Шайбани жөніндегі жазбаларда аталады. Ол мәліметтерде Қасым ханды «атақты сұлтандар мен батырлардың бірі», «Бұрындық ханның атты әскерінің басшысы деп атайды. Бұрындық хан Самарқанға кетуге мәжбүр болып, жат елде қаза болған соң, Қасым хан билікті өз қолына алды.

Қасым хан билік құрган кезеңде де қазақтар мен Шайба­ни әулеті арасындагы Сырдарияга жақын қалалар үшін кақтығыстар мен шайқастар болып жатты. 1510 жылы қыста Шайбани ханның әскерлері Ұлытау баурайындагы Қасым хан ұлысына шабуыл жасайды. Қасым хан олардың бетін қайтара алмайтынын түсініп, шегінді, біраз уақыттан соң күтпеген жерден шабуыл жасап, өз қарсыласын жеңді.

1511 жылы Қасым хан билікке қол жеткізгеннен кейін, Қазақ хандыгы Қасым хандығы деп атала бастады. Қасым хан тұсыңда Қазақ хандығы саяси ықпалын күшейтіп, ірі және куатты хандыққа айналды. Қасым хандығының аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша, Қасым хан тұсында Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауын қамтып, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін.

Қасым тұсында Қазақ хандығы халқының саны 1 миллионнан асатын. Сондықтан да ол халықаралық саясаттан тыс қала алмайтын. Қасым хан түсында Қазақ хандығы еуропалық аренада әйгілілік пен саяси куаттылыққа қол жеткізген еді. Қазақ хандығымен алғашқы болып дипломатиялық байланыс орнатқан көршілес Москва мемлекеті еді. Бұл князь Василий III билік құрған жылдары (1505-1533) жүзеге асқан болатын. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығының тағы бір ерекшелігі - бұл кезеңде қазақтар Батыс Еуропада жеке этникалық қауымдастық ретінде таныла бастады. Австриялық дипломат Зигмунд Герберштейн Еуропа оқымыстыларының арасында алғашқылардың бірі болып казақтар туралы өзінің «Москвалық жазуларында» айтып өтеді. Тарихта бұл ұлы тұлганың ұстанган бағыты «Қасым салған қасқа жол» атанып қалды.

Сыртқы саясатта Қасым хан Сырдария бойындагы қалалар үшін Шайбани әулетімен күрес жүргізіп отырды. Осыған байланысты қазақ басшыларының маңғыттар және моғолдармен одақтық байланысы қалыптасты. Қсым хан өзінің билік құрған кезеңінің басында Сайрам қамалын алды, Мауреннахр қамалын басып алуға біраз әрекет жасады.

1513 жылы Қасым хан Қараталда болған кезде, Сайрам басшысы Қаттабек қаланы оған беріп, Қасым ханды өзбектерге шабуыл жасауға үгіттеді. Қасым хан қазақтар мен маңғыттардан үлкен қол жинап, Ташкентке жорыққа аттанды. Өзбек ханы Сүйініш қожаның әскерімен болған Ташкент түбіндегі шайқаста Қасым хан жараланып, шегінді. Бұдан кейін шамамен сол жылы Қасым хан Шу өзенінің жағасындағы ордасында Ташкент басшысы Сүйеніш қожа ханға қарсы Моғолстан ханы Саидпен одақтас болды. Екі басшы бірігіп, Ташкентке жорық жасауға келісті.

Алайда қыстың таяп қалғандығына байланысты, келісімді жүзеге асыру кейінге қалдырылды. Васифид сөзі бойынша, 1516-1517 жылдардың қысында Шайбанид әулетінің сұлтандары бірігіп, қазақтарға қарсы жорықты бастады. Ортаазиялық өзбектердің қыпшақ жеріне жасаған жорығының мерзімі Қасым хан билік еткен кезеңге сәйкес келеді.

Мұхаммед Хайдардың жазбалары бойынша, Қасым хан 1518 жылы қайтыс болған. Ал Тахир Мұхаммед өзінің «Ра-узат-ат Тарихирин» атты еңбегінде Қасым ханның өлген уақыты 1523-1524 жылдар деп көрсетеді. Қадырғали Қосым ұлы Жалайырдың сөзі бойынша, Қасым хан Сарайшық қаласында қаза болған. Қасым хан өлгеннен кейін, өзара қырқысулардың өрши түсуіне байланысты, Қазақ хандығы біраз әлсіреді, ал моғолдар мен қазақтардың арақатынысы өзгерді.