«Әз Жәнібектің тоғыз ұлы болыпты. Оның бірі - Қасым. Бұл тақты Сарайшықтан көшіріп, Ұлытауға орнатыпты. Қазақты ел қатарына қосып кеткен, осы - Қасым хан. Қазақтың ішінде "Қасым ханның қаска жолы" деген сөз, үлгі-өсиет болып қалды:
Баласы Жәнібектің Сардар Қасым, Қазақтың біріктіріп, құрап басын. Осы жер ата-қоныс шекараң деп, Найзамен сызып кеткен шекарасын. |
Қасым хан өлген соң, балалары баққа, таққа таласып, өзді-өзі жұлысады. Ноғай, өзбек, қалмақ үшеуі үш жақтан жау болады. Өзара быт-шыт болыңкырап, Қасым ханның бел баласы Ақназарды хан көтеріпті. Ақназар кайратты батыр атанып, өзбек ханы Шибаниларды артынан пыстырып, ноғай ханы Көшім ханды қорғалатып, үйінен шыға алмастай қылады. Орыстың сол уақыттағы патшасы Иван Акназарға елші жіберіп: «Жауласпайық, сауда жасап, керуен жүргізіп тұрысайық», — дейді. Акназар қазақты Қасымхан тұсындағы халіне жеткізген.
Акназардан соң Шығай хан болып, бұл аналардай мықты бола алмай, осал болады. Бұдан кейін Шығайдың баласы Тәуекел хан болады. Тәуекел өзбек хандарымен соғысып, оларға қатты соққы береді. Сарт казақпен соғысуға шыдай алмай, әлсірейді. Тәуекел хан Ташкент, Түркістан, Әндіжан, Самарқанд - бәрін өзіне қаратып алып, тақты Ташкентке көшіреді, орданы Ташкент қылып тұрған.
Тәуекелден соң Еңсегей бойлы ер Есім хан болды. Өзі Түркістанда отырып, Тәшкентке Тұрсын ханды ие қылып қояды. Сол күнде Имамқүл хан деген өзбекке хан болып, Бұқараны билеп, Еңсегей бойлы ер Есіммен үш рет соғысып, Түркістан мен Тәшкентгі ала алмай, жеңіліп кала берген. Есімханнан кейін қазақ жүдеубас болды. Тәшкеннен айырылып калды. Есімханнан кейін оның баласы «Салкам Жәңгірді» хан көтерген, бұл кезде қалмақтың Қонтәжісі күшейді. Қазаққа дамыл бермей, тыныштық көрсетпеді. Қысқа күнде қырық шапты. Соғыс болса, қалмақтың иығы аса берді.
Жоңгар жеңген жерде қазақты тырп ете алмастай кылып, ойсыратып, шауып кете берген. Қазақ сондай қатты қырғынға ұшырағаннан кейін, іле-шала кайтадан жиналып, қалмақпен соғыса берген. Бакытты ханы жок, тайсалмас батыры жок, көп жаманның жиылып төбелесе бергенінен не өнеді?!".
М.Ж. Көпейулы. Қазақ шежіресі. –Алматы, 1993, 9-10-бб. |