Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-нің Жастар ісі жөніндегі комитеті (ЖІЖК) - "Әлеуметтік жəне азаматтық даму Департаментінің" құрылымдық бөлімшесі. ЖІЖК студент жастарды қолдау мақсатында құрылған. ЖІЖК қала мен облыстағы өзге де қоғамдық жəне жастар ұйымдарымен тығыз байланыста.
Мақсаты:
- Студенттің жеке тұлғасын қалыптастыру;
- Студенттің ішкі потенциалын дамыту;
- Айналадағыларға қатысты игі ниеттілікті тəрбиелеу;
- Студенттерді студенттік өзін-өзі басқару жұмыстарына қатыстыру, университеттегі студенттік өмірге байланысты сұрақтарға бірлесіп шешім табу;
- Студенттер санатынан көшбасшыларды айқындау жəне топ құруға мүмкіндік жасау;
- Студенттік көшбасшы топтардың басқарушылық қабілетін дамыту;
- Еріктілер қозғалысын дамыту;
- Студенттің өзіндік ынтасын қалыптастыру.
Міндеті:
- Жастар саясатын жүзеге асыру;
- Мемлекеттің бағдарламалардың (соның ішінде «Рухани жаңғыру» жəне т.б.) жүзеге асу барысына университеттің студент жастарының қатысуын қамтамасыз ету;
- Азаматтық ұстанымды қалыптастыру, саяси институттармен қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету, жастардың саяси белсенділігн дамыту;
- Интеллектуалдық жəне шығармашылық əлеуетті дамыту, студент жастардың өзін-өзі қалыптастыруына қол ұшын тигізу;
- Университеттің қоғамдық ұйымдарының жұмысын үйлестіру;
- Университет жастарының мəселелеріне қатысты сұрақтарға тəжірибелі жəне өзекті шешім табуда жоғарғы органдармен, жастар ұйымдарымен қатынас жасау.